Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

1117

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымына тағайындалды", – деп жазылған сайтта.

Марат Рахымұлы Құсайынов 1967 жылы 20 мамырда Қарағанды облысында туған.

1988 жылы Челябинск жоғары танк командалық училищесін бітірді.

1997 жылы РФ ҚК Броньды танк әскерлерінің әскери академиясын бітірді.

2010 жылы РФ ҚК БШ Әскери академиясын бітірді. 

Взвод командирінен бастап ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысына дейін офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу