Тиісті құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қорғаныс министрінің әскери қызмет өткеру мәселелерін реттейтін бұйрықтарына құқықтық мониторинг жүргізу барысында іс жүзінде қолданылмайтын нормалар нақтыланған.
Атап айтқанда, Қарулы күштерге ауысатын құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін қайта аттестаттау үшін әскери оқу орындарында базалық курстардан өту қажеттілігін көздейтін норма бар.
"Мұндай жағдайлардың шамалы санына, орын ауыстыру мерзімдерінің белгісіздігіне және белгілі бір бейіндегі мамандардың сұранысына байланысты курстардан өтпей-ақ қайта аттестаттау жүргізу ұсынылады. Осыған байланысты бұйрық жобасында тәжірибеде қолданылмайтын норма алып тастауға жатады", – деді Қорғаныс министрлігінен.