Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрінің орынбасарларын қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен;
Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу