Қорғаныс министрінің орынбасары әскерде қызмет ететін баласы туралы айтты

1018

Баласының шағымы жоқ екені белгілі болды.

Қорғаныс министрінің орынбасары әскерде қызмет ететін баласы туралы айтты Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Мәжіліс кулуарында баласы әскерде қызмет ететінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер спикерден "Балаларыңыз әскери борышын өтеді ме?" деп сұрады.

"Бір ұлым қазір шекара қызметінде жүр. Оның шағымы жоқ. Ол кейін келісімшарт негізінде әскери қызметте қалмақ. Бұл – жеке таңдауы", – деді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Айта кету керек, бұған дейін Қарулы күштерде қару-жарақтардың модернизациясы жүріп жатқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу