Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов бұл фактілерді мойындады.
"Әскер – қоғамның бір бөлшегі. Қоғамда болып жатқан процестердің бәрі армияда да болады. Жастардың өліміне жол беруге болмайды, біз бұған қосыламыз. Қарулы күштердегі орны толмас шығындарды талдау жеке құрам арасындағы өлім-жітімнің басым бөлігі денсаулық жағдайына байланысты екенін көрсетеді. Екінші орында жол апаттары. Өзара қақтығыстар да бар, біз оны жоққа шығармаймыз. Ал олардың әрқайсысына қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде. Құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, іс сотқа жіберіліп жатыр", - деді Камалетдинов.
Оның айтуынша, тергеу және сот шешімі шыққаннан кейін құрылымдық бөлімшелер мен әскери бөлімшелерге жеке ұсыныстар жасалады.
Оқиғаға себепкер болған лауазымды тұлғалар тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады.