Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Тұрарұлы Дәндібаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Орнына Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу