Бұған дейін кейбір басылымдарда 7 әскери қызметшінің суицид жасауға әрекет жасағанын жазылған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Ведомство "Бұл ақпар шындыққа жанаспайды, әскерге алынған сарбаздар кейде өзін қасақана жарақаттайды" деп мәлімдеді.
Айта кетейік, Бейнеу ауданындағы N99/116 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 18 жастағы сарбаз Сұлтан Шынтеміров психиатриялық ауруханаға жатқызылған. Оның отбасы мұның себебін әлімжеттік деп санаған. Одан бөлек орталыққа тағы 2 сарбаздың жатқызылғаны хабарланған болатын.
"Әскерге шақырылған 3 азамат өз-өзіне қол салуға бейімділік танытып, медициналық мекемеге жатқызылды. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Олар медициналық бақылауда. Емтихан нәтижелері бойынша олардың әскери қызметін жалғастыру туралы шешім қабылданады", – деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.