Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру кезінде жастарды көшеден күштеп әкетпейтінін айтты

257

Қорғаныс министрлігі күзгі әскерге қабылдау кезінде көшеде рейдтер ұйымдастырылмайтынын жеткізді. 

Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру кезінде жастарды көшеден күштеп әкетпейтінін айтты Фото: Армия Казахстана

Бұл жолы мерзімді қызмет құрамы неғұрлым өркениетті тәсілмен жасақталмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбековтің айтуынша, мұндай әрекеттер көктемгі шақыру кезінде болған. Бірақ күзде қолданылмайды. 

"Өйткені мәселенің оңтайлы шешімін табуға мүмкіндік туды. Қазір әкімдердің идеология жөніндегі орынбасарлары жастарды тәрбиелеп жатыр. Сондай-ақ алғашқы әскери дайындық пәні бойынша мұғалімдермен тығыз ынтымақтастық орнатылды. Осы күзде әскерге 20 мыңнан астам шақырылушылар баруы керек", – деді Фархат Айдарбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу