Қорғаныс министрлігі әскери оқу-жаттығуға байланысты мәлімдеме жасады

454

Ағымдағы жылдың 12–19 қыркүйк аралығында Жетісу облысындағы "Көктал" полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Шеп-2026" бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.

Қорғаныс министрлігі әскери оқу-жаттығуға байланысты мәлімдеме жасады Фото: Қорғаныс министрлігі

Оқу-жаттығуға дайындық және оны өткізу кезеңінде, 7–30 қыркүйек аралығында Алматы және Жамбыл облыстары, сондай-ақ Жетісу облысының аумағында әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқу-жаттығу барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында марш дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады. Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі. "Шеп" оқу-жаттығуы тұрақты негізде Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен өтеді.

"Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерді ғана назарға алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу