Қорғаныс министрлігі аталған іс-шараны өткізбеудің себебін түсіндірді.
"2022 жылы Қазақстанда әскери парадты өткізу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне қарай жоспарланбайды. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдау, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындау басым бағыт болып табылады", – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу