Қорғаныс министрлігі: Әскерилерге қысым көрсеткен командир қызметтен кетті

583

Әскери бөлім командирі сарбазды басынан соққанымен, жәбірленуші оны сотта кешірген.   

Қорғаныс министрлігі: Әскерилерге қысым көрсеткен командир қызметтен кетті Фото: 24.kz

Ақтауда әскерилерге қысым көрсеткен взвод командирі қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы тамызда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге билігін асыра пайдалану дерегі тіркелді. Бұл дерек бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды", - делінген хабарламада.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін әскери қызметші теріс себептермен Қарулы күштердің қатарынан босатылады.

Құқықбұзушылықтардың алдын алу, әскери ортадағы жарғыға жат әрекеттерді анықтап, олардың жолын кесу мәселесі Қарулы күштер басшылығының ерекше бақылауында. Мұндай әрекетке жол бергендерге құқықтық және тәртіптік шара қолданылады. Қарулы күштерде мұндай құқықбұзушылықтың бірен-саран фактісі тіркеледі. Алайда олар назардан тыс қалмайды.

Айта кетейік, бұған дейін жәбірленуші командирді сотта кешіргенін жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу