Қорғаныс министрлігі былтыр 270 техника сатып алған

242

Қорғаныс министрлігі елдегі әскери техника мен қару-жарақ өндірісінің дамуы туралы мәлімет ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қорғаныс министрлігі былтыр 270 техника сатып алған Фото: aqorda.kz

"Қорғаныс министрлігі қару-жарақ және әскери техника нарығына, жауынгерлерді жабдықтаудың келешегі бар бағыттарына, дамыған елдердің армияны жабдықтаудағы тенденцияларына, әскери қақтығыстарда қолданылатын әскери қимылдарға жүйелі түрде талдау жасап отырады. Әскердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етіп, еліміздің қорғаныс жүйесінің тиімділігін арттыру бағытындағы, әскерді сапасы жоғары қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр", – дейді министрліктен.

Жауапта Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдарды қайта қаруландыру үшін әскери өнеркәсіпті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілгені айтылған.

"Қарулы күштерге қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында Индустрия және құрылыс министрлігі арқылы жүзеге асырылады. Былтыр 70-тен астам әскери техника және 200-ге жуық (196) автомобиль мен арнайы техниканың әр түрлі модификациясы сатып алынып, пайдалануға берілді. Жөндеу бөлімшелері 1 712 техниканы қалпына келтіріп, 1 555 техникаға ағымдағы жөндеу, 157 техникаға орташа жөндеу жүргізді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу