Цифрлық офицерлер лауазымына іріктеудің бірінші кезеңі қорытындыланды

673

Бірінші кезең барысында заңнама нормаларын білу деңгейі, офицерлердің зияткерлік әлеуеті мен ақпараттық сауаттылығы тексерілді. 

Цифрлық офицерлер лауазымына іріктеудің бірінші кезеңі қорытындыланды

Бұл лауазымдарға жарияланған байқаудың бірінші кезеңіне Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың, Қарулы күштердің және запастағы офицерлердің арасынан 90-ға жуық әскери қызметші қатысты, деп хабаралйды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқау шарттары бойынша осы позицияға үміткердің әскери басқару органдарындағы басшы лауазымдарда екі жылдық тәжірибесі немесе бес жыл әскери қызметте өтілі болуға тиіс. Қатысушылар санын ескере отырып, оларға Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде автоматтандырылған жұмыс орындары ұйымдастырылды. Ведомстволық желіге қосылып, қажетті алаңдарды толтырып, үміткерлер онлайн-тестілеуден өтті.

Қорғаныс министрлігінің Ақпараттандыру департаменті әзірлеген байқаудың бірінші кезеңін өткізу алгоритмі тестілеудің төрт түрін тіркеуді және өткізуді қарастырды. Оларға екі сағат берілді.

Бірінші кезең барысында заңнама нормаларын білу деңгейі, офицерлердің зияткерлік әлеуеті мен ақпараттық сауаттылығы тексерілді. Сонымен қоса SHL-тестілеу сұрақтары ауызша, сандық және логикалық мазмұнда болды. Жалпы сынақтағылар 100 сұраққа жауап беруі керек еді.

– Тестілеу нәтижесіне қарай 51 адам іріктеліп алынды. Енді олар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық үкіметті қолдау орталығының және озық IT-компаниялардың өкілдерінен тұратын тәуелсіз комиссияның жобасын таныстыруы тиіс, – деп түсіндірді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Презентация мәселе – шешім – қорытынды алгоритмге негізделген. Ұсыныстар мен идеяларын цифрлық сарапшылар мақұлдаған үміткерлер өз жобаларын Қорғаныс министрлігінің басшылығымен әңгімелесу барысында таныстыратын болады.

Нәтижесінде 13 цифрлық офицер іріктеледі. Ұйымдастырушылық және штаттық құрылымға сәйкес олар Қорғаныс министрлігінде – бір, Бас штабта – үш және Қарулы күштерде – тоғыз цифрлық офицер лауазымдарына бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу