Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы және ҚР Қарулы Күштерінің барша жеке құрамы жасөспірімді құтқарып қаламын деп, өзі қаза болған әскери қызметкер Ерлан Райымқұловтың жақындарына, отбасына көңіл айтты.
"Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық пәндері бойынша үздік нәтижелер көрсетіп, оған сеніп тапсырылған әскери техниканы үлгілі ұстайтын. Достары мен жақындары оны қайырымды және өзгелердің проблемаларына бей-жай қарамайтын адам ретінде естеріне алады. Ол қамқор әке, керемет отағасы болды. Әкесінің батыл ерлігін мақтан тұта алатын екі ұлды өсірді... Оның ерлігі ерлігі әрбір қазақстандық үшін үлгі", – деп еске алады әріптестері.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 10 мамыр күні "Газмашаппаратура" бау шаруашылығы ауданында орын алды. Итін құтқарамын деп суға түскен 12 жастағы қыздың бата бастағанын көрген Ерлан Райымқұлов оны құтқаруға ұмтылады. Алайда, өзі судан шыға алмай қалды.