Қорғаныс министрлігі қайтыс болған сарбаздың туыстарына көңіл айтты

883

2022 жылдың 22 сәуірінде Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қатардағы жауынгер Қалбай Әлібек Саламатұлы қайтыс болды.

Қорғаныс министрлігі қайтыс болған сарбаздың туыстарына көңіл айтты

Таңертең сапта тұрған жауынгер кенеттен есінен танып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, ол есін жимаған күйі қайтыс болған.

Жас жігіт биыл көктемде Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылды.

Сарбаздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы Қалбай Әлібек Саламатұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу