Қарулы күштер 2030 жылға дейін жаңа әскери техникамен жарақталмақ

766

Қазақстан армиясы құрышты дөңгелекті көліктерді сатып алуды жалғастырады, деп хабарлайды Atameken Business.    

Қарулы күштер 2030 жылға дейін жаңа әскери техникамен жарақталмақ

Атамекен бизнес жолдаған журналистік сауалға араға екі апта салып Қорғаныс министрлігі жауап қатты. Алайда өзге ел емес, өзімізде жасалған әскери көліктердің үлесі туралы ақпарат берілмеді.

Ведомствоның мәліметінше, Қарулы күштер 2030 жылға дейін жаңа әскери техникамен жарақталады. Сатып алу үрдісі бөлінген бюджет қаражатына сәйкес жүзеге асырылады. Тек тапсырыссыз қалған елордалық зауыттың көліктері алына ма, әлде басымдық шетелдік техникаға беріле ме белгісіз.

Тіпті, жуырда ғана армияның сынағынан сәтті өткен отандық "Барыс 8Х8" көлігінің тағыдыры әлі шешілмепті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу