Қорғаныс министрлігі қарулы күштердің жұмысы туралы мәлімдеме жасады

299

Қарулы күштердің дені Құлсарыда құтқару жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қорғаныс министрлігі қарулы күштердің жұмысы туралы мәлімдеме жасады Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин ел аумағындағы су тасқынымен күресте Қарулы күштердің жұмысы туралы мәлім етті.

"Авиацияның жеке құрамымен 74 адам эвакуацияланды, яғни тікұшақпен 7 және әскери ұшақпен 2 рейс ұйымдастырылды. МИ-8 тікұшағының көмегімен 5 адам эвакуацияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су басқан өңірлерге қарулы күштерден қосымша 300-ге тарта жеке құрам және 32 әскери техника жұмылдырылып отыр. Олардың дені қазір Атырау облысының Құлсары қаласында жұмыс істеп жатыр. Басты мақсат – адамдарды су апатынан құтқарып, тасқынмен күрес жұмыстарын ұйымдастыру", - деді Руслан Жангулин ОКҚ-де өткен брифингіде. 

Одан бөлек, Қарулы күштердің аумақтық қорғаныс бригадалары Қостанай, СҚО және БҚО-да апаттан құтқару жұмысын жүргізуде. 

"Ақтөбе қаласындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының 167 жеке құрамы Қарғалы өзені жағалауында құмды қаптап, дайындап жатыр. Одан бөлек, кеше қарулы күштердің Қонаев горнизонынан әскери инженерлер құрамы Ақтөбе облысының Ойыл аумағын келді. Олар паром өткелдері арқылы халықты эвакуциялайды, қазір ол жерден 150 азамат қауіпсіз аймаққа жеткізілді. Сондай-ақ, жалпы саны 3 тонна гуманитарлық көмек жіберілді", - дейді ол. 

Қорғаныс министрлігі ресми өкілінің мәліметінше, 27 наурыз бен 6 сәуір аралығында Қарулы күштерден 2 мыңнан астам жеке құрам құтқару жұмыстарына тартылды. Сонымен қатар 105 бірлік әскери техника, 15 тікұшақ және 4 ұшақ бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу