Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға өте маңызды хабарлама жасады

Маңғыстау облысында "Батыс" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қатысуымен "Айбалта-2025" екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. 

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға өте маңызды хабарлама жасады Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұл ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дайындық барысында бүгіннен, яғни 12 қыркүйектен бастап бірқатар облыстардың аумағынан күш-құралдардың қозғалысы қарастырылған. Бөлімшелер (жеке құрам және әскери техника) аралас тәсілмен – теміржол және автокөлікпен жүріп өтеді, содан кейін тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады.

– Азаматтардан сабыр сақтауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз! Жалған мәліметтерді тарататындар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз! – делінген ресми хабарламада. 

ҚР Қорғаныс министрлігі аталған кезеңде жекелеген аудандарда уақытша шектеулер болуы мүмкін екенін жасырмайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу