Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

420

Әскерлерді даярлау жоспары шеңберінде Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық сабақтары өткізіледі. 

Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады Фото: gov.kz

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Министрлік мәліметінше, бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін жауынгерлік техникамен марш жасап, теміржол көлігімен еліміздің әр өңіріндегі полигондарға жеткізілетіні айтылған.

"Полигондарда тактикалық жаттығулар мен атыстар, күндіз де, түнде де өткізіледі. Бұл ретте әскери қызметшілердің мақсатқа сай тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауы, бөлімдердің үйлесімділігі мен қабілеті, сондай-ақ командирлердің бағынысты және сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқара білуі бағаланатын болады", делінген хабарламада.

Осыған байланысты, ведомство таратылған қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу