Қорғаныс министрлігі Маңғыстаудағы жағдайға байланысты түсініктеме берді

1074

ҚР Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде 5 әскери қызметінің жарақат алуына қатысты түсінік берді.  

Қорғаныс министрлігі Маңғыстаудағы жағдайға байланысты түсініктеме берді

Ведомство мәліметіне сүйенсек, оқиға 27 қазанда болған. Зардап шеккен барлық әскери қызметші авиациямен елордадағы госпитальге жеткізілген.

"Мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде жарақат алған 5 әскери қызметші әскери-көліктік авиация ұшағымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас әскери-клиникалық госпиталіне жеткізілді.

Әскери қызметшілерді хирургия саласының мамандары тексерді, олардың жағдайы бір қалыпты, нашарламаған. Диагностикалық және емдеу процедураларының барлық кешені жүргізілуде.

Қорғаныс министрлігі жалған ақпарат таратпауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу