Қорғаныс министрлігі: "Мұндай алып-қашпа сөздер ел беделін түсіруге бағытталған"

2370

Қорғаныс министрлігі Қазақстан Украина Қарулы күштерінің қажеттіліктері үшін Ресейдің әскери өнімдерін сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр деп тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.    

Қорғаныс министрлігі: "Мұндай алып-қашпа сөздер ел беделін түсіруге бағытталған" Фото: t.me/modgovkz

ҚР Қорғаныс министрлігі аталған мәселеге қатысты Telegram-дағы өз арнасында ресми түсініктеме жариялады.

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде "Қазақстан Украина Қарулы күштері қажеттілігі үшін "Украрнаулыэкспортпен" ресейлік әскери өнімдерді сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр-мыс" деп тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл ретте Қазақстанда 2022 жылдан бастап қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын нақтылаймыз. Мұндай алып-қашпа сөздер Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан таратылған қауесеттерді елемей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу