Қорғаныс министрлігі радикалды ағымдағы жастарды әскерге алмауға тырысады

1185

Қорғаныс министрлігі радикалды ағымдағы жастарды әскерге алмауға тырысады

Қорғаныс министрлігі радикалды ағымдағы жастарды мүмкіндігінше әскерге алмауға тырысады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, "ҚазАқпарат" хабарлайды.

"Шақырту науқанына дайындық кезеңінде жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды тұлғалары мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын барлық азаматтарға қатысты арнайы есепке алу картотекалары бойынша тексеру үшін ҚР ҰҚК мен ішкі істердің аумақтық органдарына сұраулар жолданады. Осылайша, Қорғаныс министрлігі әскери қызметке іріктеу кезеңі барысында радикалды ағымдағы жастарды қабылдауды барынша болдырмауға тырысады", – деп атап өтілген ведомство мәліметінде.

Осы ретте жолданған сауалға келген жауапты қорытындылай келе, шақырылушыны әскерге қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығарылады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбеде радикалды топтағы жастар әскер қатарынан жаппай шеттетіле бастағандығы хабарланған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу