Қорғаныс министрлігі Ресейге тасымалданған әскери техникаға қатысты түсінік берді

348

Министрлік азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қорғаныс министрлігі Ресейге тасымалданған әскери техникаға қатысты түсінік берді Фото: sputnik.kz

"Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып есептеледі", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ 2022 жылдың 27 тамыздан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу