Әлеуметтік желілерде Қорғаныс министрінің еліміздің әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің ұшып өтуіне қатысты ресми мәлімдемесі ретінде ұсынылған бейнеролик таралуда. Бұл ақпаратқа қатысты министрлік ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Аталған бейнематериал – жалған. Видео жасанды интеллект технологияларын (deepfake) пайдалану арқылы жасалған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалған ақпаратты тарату жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз", – делінген хабарламада.