Қорғаныс министрлігі үздік әскери өнертапқыштар конкурсын ұйымдастырмақ

1190

Қорғаныс ведомствосының басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, Семей мен Жаңғызтөбе әскерлерінің тыныс-тіршілігіне қатысты негізгі мәселелерді қарады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Қорғаныс министрлігі үздік әскери өнертапқыштар конкурсын ұйымдастырмақ

Семей гарнизонында генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев механикаландырылған және артиллерия бригадаларының оқу-материалдық базасымен танысты. Қорғаныс министріне жауынгерлік басқару сыныптарын, артиллерия атысын басқару және атыс тренажерларын, сонымен қатар бөлімдер аумағындағы жабдықталған атыс тирін көрсетті. Командирлердің баяндамасына сәйкес оларды қолдану жауынгерлік даярлық сабақтарының қарқыны мен сапасын арттыруға ықпал етеді. Жақында бөлім аумағында жабдықталған атыс қаруына арналған полигондағы ашық тирде сабақтар тексерілді. 

Соңғы уақытта барлық өңірлік қолбасшылықтарда және қарулы күштер түрлерінде өнертапқыштық жұмыс белсенді дамып келеді. Семей гарнизоны әскери қызметшілері жасаған көптеген әзірлемелерімен танысқан министр лауазымды тұлғалардың оқу-материалдық базаны жетілдіру жөніндегі бастамасын атап өтті. Нұрлан Ермекбаев барлық әскери бөлімдерде осындай жұмысты ұйымдастыру қажеттігін айтып, Қарулы Күштерде үздік өнертапқыштар конкурсын ұйымдастыруды тапсырды.

Сапар барысында оқ-дәрілерді сақтау қоймаларының диверсияға және өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы тексерілді. Қорғаныс ведомствосының басшысы қоймалар мен сақтау базалары жанындағы тыйым салынған аудандардың шекараларын нақтылау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұдан өзге министр әскери нысандарға жақын орналасқан шаруашылық субъектілерімен жұмыс жүргізуге тиісті жергілікті атқарушы органдармен өзара тығыз іс-қимыл ұйымдастыруды ескертті.

Қарулы Күштерде азаматтық инфрақұрылым мен тұрғындар үшін әскери объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2020 жылы заңға қажетті өзгерістер әзірленіп, енгізілген. Тыйым салынған аймақтар мен аудандарды нақтылауды есептеу әдістемесі қабылданды.

Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тыйым салынған аймақтарды апатты жағдайдан және заңсыз құрылыстардан босату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда "Жол картасы" бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда. Оқ-дәрілердің жекелеген түрлері елді мекендерден алыс қоймаларға көшіріліп, сақтау объектілері жөнделген.

Қорғаныс ведомствосының басшысы сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысындағы жергілікті басқару органдарының әскерге шақыру науқанын ұйымдастыруымен танысты. Әскери бөлімдерді аралау барысында Ермекбаев 2021 жылдың көктемінде мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерімен әңгімелесті. Жас жауынгерлер әскери қызметтен алған алғашқы әсерлерін бөлісті. Әсіресе, жауынгерлік оқу-жаттығу, әскери өмірдің қағидалары, тамақтану сапасы, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру туралы айтты. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев сарбаздарды қызықтырған сұрақтарға, оның ішінде келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыру мен әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері жөнінде анағұрлым көп көтерілген тақырыптарға жауап берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу