Қорғаныс министрлігі заттай мүлікпен жабдықтау нормаларына өзгерістер енгізбек

136

Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Қорғаныс министрлігі заттай мүлікпен жабдықтау нормаларына өзгерістер енгізбек Фото: gov.kz

Қару-жарақ бастығының басқармасы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін жеке қорғану құралымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоғарыда аталған нормаларды қабылдау жеке қорғаныс құралдарын Тыл бастығы басқармасының жабдықтау нормаларынан алып, оларды Қару-жарақ бастығы басқармасының мүлік тізбесіне береді.

"Нормалар қойылған міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшілердің өмірін барынша сақтау үшін құрамалар мен әскери бөлімдерді жеке қорғаныс құралдарының қажетті санымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Олардың қатарында оқ өтпейтін кеудешелер, модульдік бронды түсіру жүйесі, дулыға, қорғаныс қалқандары, көзді қорғау жиынтықтары және т.б. бар", - деп жазылған мәліметте.

Министрліктің құжат жобасы 5 наурызға дейін қоғам талқылауында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу