Әскери шеру аяқталды: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

291

8 мамырдан бастап Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысқан жеке құрам мен техника Астанадан тұрақты орналасқан жерлеріне жоспарлы түрде қайтарылуда. 

Әскери шеру аяқталды: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына байланысты тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

- Әскери техниканы тасымалдау теміржол арқылы да, өз жүрісімен де жүзеге асырылады. Бұл процесс 14 мамырға дейін жалғасады, - делінген министрлік таратқан ресми ақпаратта.

Қорғаныс министрлігі тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, арандатушылық сипаттағы жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу