Әскери қызмет қауіпсіздігі жеке мәселе ретінде көтерілді. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери қызметшілердің жарақаттануы мен қаза болуы мәселелеріне тоқталды. Ол бейбіт уақытта мұндай фактілерге жол берілмейтінін және барлық лауазымды тұлғалар мұндай жағдайларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауы керек екенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әскери қызметтің тұтастай алғанда, қауіп төндіретін көптеген факторлармен байланысты екендігі атап өтілді. Сонымен қатар армия қоғамның бір бөлігі болғандықтан, бірқатар жағымсыз құбылыстар азаматтық өмірден Қарулы күштердің қатарына ауысып жатады. Осыған байланысты жеке құрамның қаза болуы мен жарақаттану себептеріне жан-жақты талдау жүргізетін "әскерде нөлдік өлім-жітім" бойынша шаралар кешенін әзірлейтін жұмыс тобын құру тапсырылды.
Бағдарламаны әзірлеуге Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларын, ардагерлер ұйымдарын, білім беру және медициналық мекемелердің өкілдерін, психологтарды да тарту қажет. Осы бағдарламаны іске асырудың негізгі нысаналы индикаторы Қарулы күштерде қаза табу фактілерін толық жою болуға тиіс.