Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті

905

Қорғаныс ведомствосында генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жоспарлы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.  

Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті

Отырысқа Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының өкілдері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.

Еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы және даму мәселелері қаралды. Сонымен бірге армия мүддесі үшін ғарыш спутниктерін пайдалану, Қарулы Күштердің БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына (миссияларына) қатысуын кеңейту, әскерді отандық және шетелдік қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен жарақтандыру, қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытудың жекелеген бағыттары бойынша баяндамалар тыңдалды.      

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының құрылысы және дамуының жаңа тұжырымдамасын іске асыру тетігінің мәселелері талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Ведомствоаралық комиссия мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері мен негізгі бағыттарын қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу