Кіші сержант Мейіржан Нәсілбеков зейнетке шығып, түксіз қалғанын айтып отыр.
Заң бойынша берілуі тиіс баспана да, өтемақы да жоқ. Сондай-ақ құжаттарды оңды-солды өзгертіп, ойына келгенін істеп отырған командирлердің атын атады.
Амалы таусылған азамат Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың өзінен араша сұрауды ұйғарыпты. Бүгін ғимаратқа отбасымен бірге барған әскериді ведомство басшысы қабылдады ма?