ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қорғаныс саласында бюджет қаржысын жымқыру фактісін анықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, ҚР қорғаныс министрлігінің Қарағанды облысы бойынша әскерлерді жайғастыру бас басқармасының лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырған.
"Атап айтқанда, өндірістік-теxникалық бөлімнің басшысы бір акционерлік қоғамына қарасты мердігер ұйымының өкілдерімен сөз байласып, Приозерск қаласындағы әскери қалашықта күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жалған актілерді рәсімдеген. Сөйтіп, 209 млн теңгені ысырап еткен. Аталған сома құрылыс-экономикалық сот сараптамасының қорытындысы бойынша анықталды", - деді Нұрлан Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Айта кетейік, бүгін агенттіктің Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімін парамен ұстау операциясына қатысты видеосы жарияланды. Бұдан бөлек, 2 млн теңгемен ұсталған басқарма басшысының видеосы да көрсетілді. Ал Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері парамен ұсталды.