Қорғаныс министрлігінің 11 қызметкеріне жаза кесілді

734

Қорғаныс министрлігінің 11 қызметкеріне жаза кесілді

Пара алып, істі болған Қорғаныс министрлігінің 11 қызметкеріне жаза кесілді. Үкім мамандандырылған ауданаралық әскери сотта оқылды. Күдіктілердің жалпы есептегенде 69 млн теңге көлемінде пара алғаны дәлелденді, деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ қылмыстарына қарай қорғаныс саласының бұрынғы қызметкері мен Қаржы министрлігінің бір маманы және алты кәсіпкер әртүрлі мерзімге сотталды. Ал Қазақстан қарулы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы басшысының орынбасары подполковник Төлеміс Жұмқазиев он екі жылға бас бостандығынан айырылды. Мүлкі тәркіленіп, подполковник шенімен де қоштасты.

"2016 жылдың тамыз және желтоқсан айлары аралығында Қарулы күштердің әскери бөлімдеріндегі асханаларда жеке құрамның тамақтануын ұйымдастыру барысында мемлекеттік сатып алу конкурстарына ықпал етіп, кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алғандары үшін кінәлі деп танылды", - деді мамандандырылған ауданаралық әскери соты төрағасының міндетін атқарушы Баязид Дәрібаев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу