Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатына жаңа ғимарат берілді

317

Мұнда Қарулы күштердің қалыптасуы мен дамуына қатысты шамамен 27 млн құжат сақтаулы.  

Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатына жаңа ғимарат берілді Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі телеграм

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының жаңа ғимаратының ашылуына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1997 жылы құрылған мұрағатта бүгінде шамамен 27 млн құжат сақтаулы. Оның 128 мыңнан астамы цифрландырылған. Қорда Қарулы күштердің қалыптасуы мен дамуына, әскери бөлімдердің қызметіне, білім беру жүйесіне және әскери қызметке қатысты тарихи құжаттар жинақталған.

– Әскери-тарихи мұраны сақтау – бүгінгі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Әрбір құжат әскер мен ел тарихының бір бөлігі. Мұндай заманауи жағдайлар тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп, оларға болашақта да қолжетімді болуға мүмкіндік береді, – деді Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.

Жаңа ғимарат миллиондаған құжатты жүйелеу және ұзақ мерзім сақтауға қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұрағат материалдары әскери қызметшілермен қатар тарихшылар, зерттеушілер мен сарапшылар үшін де маңызды дереккөз саналады.

Орталық мұрағат келесі жылы өзінің 30 жылдығын атап өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу