Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары мемлекеттің бақылауында болуы керек

919

Қолданыстағы заңға еліміздің қорғаныс-өнеркәсіптік әлеуетіне ықпал ететін кез келген ұйымды жекешелендіруде мемлекеттің үлесін сақтау немесе "алтын акциясын" сатып алу талабын енгізу қажет. Бір топ депутат премьер-министрге жолдаған сауалда осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары мемлекеттің бақылауында болуы керек

"Жекешелендіру мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту және проблемалық компаниялардағы жағдайды жақсарту мақсатын көздейтіні даусыз. Біз мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және мемлекеттің өз азаматтары мен жалпы жүйенің қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін ұйымдарға қатысу тәуекелін мемлекет тарапынан бағалау, бақылау және басқару қажет деп санаймыз", – деді сенаторлар. 

Олардың айтуынша, жекешелендірілген кәсіпорындардың портфелін әртараптандыру мүмкіндігін, сондай-ақ осы үдерісті нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру ісін уақыт оздырмай қарастыру қажет. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу