"Ulysmedia" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, былтыр қару жарақ пен қажетті техника сатып алуға бюджеттен 20 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Сатып алынған техникалардың арасында әскери ұшақтар мен зениттік-зымыран кешені де бар.
Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаевбаевтың сөзінше, былтырдан бері жауынгерлік әзірлікті арттыру мақсатында жартыжылдық оқу циклі енгізілген. Бұл әскери бөлімдер мен әскери қызметшілердің дайындық сапасын арттырған. Әсіресе, қазіргі заманғы оқыту әдістемесінің енгізілуі полигон жабдықтары мен оқу тренажерлерінің санын ұлғайтуға сеп болды,- дейді вице-министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу