Қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орындауға алдағы 3 жылда 950 млрд теңге бағытталмақ

159

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпаратында жазылған.

Қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орындауға алдағы 3 жылда 950 млрд теңге бағытталмақ Фото: gov.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, министрліктің үш жылдық бюджеті 1 трлн 484,8 млрд теңге деп көрсетілген. Оның ішінде 2025 жылға – 646,8 млрд теңге, 2025 жылға – 431,2 млрд теңге, 2026 жылға – 406,8 млрд теңге. 

Биылғы қаражат бес стратегиялық бағытқа жоспарланған. Атап айтқанда, индустриялық даму – 37,8 млрд теңге, геологияны дамыту – 10,0 млрд теңге, құрылыс саласын және ТКШ дамыту – 219,3 млрд теңге, қорғаныс өнеркәсібі шеңберінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты дамыту – 372,8 млрд теңге, басқа шығыстар – 6,9 млрд тенге.

Жалпы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды қамтамасыз етуге 2026 жылы – 284 млрд 193 млн 967 мың теңге, 2027 жылы 284 млрд 651 млн  954 мың теңге бағыттау жоспарланған.

Құжатта автобустарды лизингке сатып алу үшін осы жылы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 15,0 млрд теңге деп көрсетілген.

Бұдан басқа таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге 429,9 млн теңге бағытталмақ. Министрлік бұл 219 жұмыскер деп көрсеткен.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу