Қорғаныс саласына инвестициялар бір жылда 37%-ға артқан

464

Инвестицияның басым бөлігі Алматыға тиесілі.

Қорғаныс саласына инвестициялар бір жылда 37%-ға артқан Фото: inbusiness.kz

Осы жылдың қаңтар-шілде айларында мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 69,5 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғыға қарағанда құндық мәнде 43,2 пайызға артық. Көрсеткіштің нақты өсуі 36,6% болды, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өңірлік бөліністе сектордағы инвестициялардың ең үлкен көлемі Алматыға тиесіоі: 18,3 млрд теңге. Үздік үштік қатарында Түркістан (9,7 млрд теңге) және Маңғыстау (6,3 млрд теңге) облыстары да бар. Ең аз инвестиция көлемі Ұлытау облысына құйылды: 36,3 млн теңге.

Көрсеткіштің айтарлықтай жылдық өсімі Маңғыстау облысында, ең үлкен қысқаруы Астанада тіркелді. 

Секторда негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым бөлігі жергілікті бюджеттен есебінен қамтамасыз етілді: 36,7 млрд теңге. Республикалық бюджеттен – 17 млрд теңге, банктік емес қарыз қаражатының көлемі 13,3 млрд теңгеге дейін өсті. Инвестициялық портфельдегі кәсіпорындардың меншікті қаражаты 2,5 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу