Қорғаныс шығындары бойынша елдер рейтингінде Қазақстан нешінші орында?

1169

Қорғанысқа ең көп қаржы бөлетін елдер – АҚШ, Қытай және Үндістан.

Қорғаныс шығындары бойынша елдер рейтингінде Қазақстан нешінші орында?

2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қорғаныс саласына шығындары бір жылда 10,9%-ға өсіп, 744,7 млрд теңгені құрады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шығындардың бюджеттік шығыстардағы үлесі бір жыл ішінде өзгерген жоқ (2020 жылы 4%) 4,1%-ды құрады.

Айта кетеніні, ЖІӨ-дегі қорғаныс шығындарының үлесі 0,9%-ды құрады. Жылдан жылға ЖІӨ-дегі сектордың үлесі іс жүзінде өзгеріссіз қалуда және соңғы 10 жылда 0,8%-дан 1,1%-ға дейін ғана ауытқыды.

SIPRI (Стокгольм бейбітшілікті зерттеу институты) мәліметтері бойынша, қорғаныс шығындары бойынша елдер рейтингінде Қазақстан әлемде 148 елдің ішінде 62-орынға тұрақтады. 2020 жылы Қазақстанның қорғаныс саласына жұмсалған шығыны 1,7 млрд долларды құрады. Жан басына шаққанда бұл бір адамға 92,3 долларды құрайды.

Қорғанысқа ең көп қаржы бөлетін елдер – АҚШ, Қытай және Үндістан. Алғашқы 10 елдің қатарына ТМД-дан жалғыз Ресей кірді, оның шығыстары 61,7 млрд доллар, ЖІӨ-дегі үлесі 4,3% және жан басына шаққандағы шығыны 422,9 доллар.

Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты, Украинаның қорғаныс шығындары небәрі 5,9 млрд АҚШ долларын құрағанын, бұл әлемде 34-орында тұрғанын атап өту керек. ЖІӨ үлесі 4,1%, жан басына шаққандағы шығыстар бір адамға 135,5 долларды құрады.

Рейтингте ТМД-дан Ресей мен Украинадан басқа Әзірбайжан да бар. Олардыңк барлығы Қазақстаннан жоғары тұр. Қалған елдер – Беларусь, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдова қорғаныс саласына Қазақстанға қарағанда аз қаржы бөледі.

Айта кетерлігі, Қазақстандағы қорғаныс шығындарының ішкі жалпы өнімдегі үлесі дамыған елдердің көпшілігін айтпағанда, ТМД елдерінің көпшілігімен салыстырғанда әлдеқайда аз болып есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу