2023 жылы Қаржылық мониторинг агенттігімен "Казспецэкспорт" РМК-ның лауазымды тұлғалары ұсталып, әскери мақсаттағы өнімдерді сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды әрі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылған болатын.
Мемлекетке келтірілген залал 1,6 млрд теңгеден асты.
"Сот үкімімен "Казспецэкспорт" бас директоры Рамазанов А. – 11 жылға бас бостандығынан айырылды, ал кәсіпорынның департамент директоры Кудабаев А. – 10 жылға сотталды", – делінген хабарламада.
Қалған 9 айыпталушы да әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, сот мемлекет пайдасына 1,6 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талап-арызды қанағаттандырып, жалпы құны 607 млн теңге болатын мүлікті тәркіледі.