Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің пара алған лауазымды шенеунігі тұтқындалды

810

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің пара алған лауазымды шенеунігі тұтқындалды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша  жемқорлыққа қарсы мекеменің қызметкерлері қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты заң департаменті директорының орынбасары Е.Арпабаевты тұтқындады.

Шенеунік 6,2 млн теңге көлемінде пара алып жатқан кезінде ұсталды, деп хабарлады жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

"Ол министрлікке қарасты мемлекеттік материалдық резерв жөніндегі комитетпен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғаны үшін облыстағы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінің өкілінен заңсыз сыйақы алған", – делінеді ақпаратта.

Е.Арпабаев Өскемен қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейін тексеру жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу