Сенат отырысында Нұржан Нұрсипатов өзінің депутаттық сауалында осылай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Сенатор заңға тәуелді актілерді "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заң нормаларына сәйкес келтіруді ұсынып отыр. Екіншіден, ережелерді жиі өзгертуді доғару керектігін айтады.
"2019 жылғы 14 қазанда заң нормаларын іске асыру үшін Мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережелері қабылданды. Алайда 8 айдан кейін өкілетті орган жаңа ережелерді әзірлеп, Үкімет оны бекіткен. Заңнан кейінгі актілерді жиі өзгерту бизнес қауымдастықтың қызметіне кері әсерін тигізеді", – деген Нұржан Нұрсипатов осыған қатысты статистика мәліметтерін келтірді.
Сенат депутаты Мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесінің жаңа редакциясы оған отандық бизнестің қатысу мүмкіндігін төмендететіне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша бұл жағдай Президенттің өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру туралы тапсырмасына қарама-қайшы келеді.
Аян Бекенұлы