Қорғанысқа бөлінген қаражаттың 67 пайызы әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған

624

4000 әскери қызметшінің тарифтік разряды көтерілді.

Қорғанысқа бөлінген қаражаттың 67 пайызы әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған

Келесі жылдан бастап мерізмді әскери қызметте жүрген сарбаздың азық үлесінің құны 1713 теңгеге көтерілмек. Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Биылғы жылы әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыруға Қорғаныс министрлігінің жалпы жылдық бюджетінен 67 пайыз жұмсалды. Президенттің Әкімшілік реформа туралы жарлығының және алғаш рет өткізілген кешенді функционалдық талдаудың арқасында басқару органдарына ғана емес, әскерлерге де тоқсандық сыйлық ақы беру практикасы алғаш рет қолданылды. Сыйлық ақы мөлшері әрбір әскери қызметшінің жұмыс және қызмет нәтижесіне байланысты. Ішкі резерв есебінен анағұрлым тапшы мамандық иесі саналатын 4000 мың әкери қызметшінің  тарифтік разраяды көтерілді. Бұлар – мысалы,  жауынгерік және ірі жүк тасу машиналарының жүргізушілері, атыс қаруы мен оқ-дәрілер қоймаларының бастықтары. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келесі жылдан бастап мерзімді қызмет әскери қызметшісіне арналған азық үлесінің құны 1713 теңгені құрайды. Яғни, 40 пайызға өсетін болды. Сонымен қатар келесі 3 жыл ішінде әскери қызметшілерге қаржылық төлемдер артады", - деді министр. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу