"Қорғас" шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" Жетісу облысы әкімдігінің меншігіне өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қорғас" арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының 100 пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi ҚР заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншiгіне берілсін", делінген үкімет қаулысында.
Бұған дейін "Қорғас" халықаралық орталығы республикалық меншікте болды. 3 жылдан бері тоқтап тұрған орталық биыл 24 сәуірден бастап жұмысын қайта бастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу