Тек 3 күнде "Қорғас ХШЫО" кеден бекетінде шетел валютасын тасымалдаудың 4 фактісі және темекіні тасымалдаудың 6 фактісі анықталды.
Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде хабарлады.
"Қорғас ХШЫО" кеден бекетінде жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын декларацияламау фактілерін анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде шекаралық бақылау қызметкерлерімен бірлесіп, ҚР-дан ҚХР-ға шығу кезінде шетел валютасын алып өтудің 4 фактісінің жолы кесілді.
17 мамырда ҚХР азаматынан 20 000 АҚШ доллары сомасында декларацияланбаған қаражат анықталды. Сол сияқты, 18 Мамырда 10 000 АҚШ долларына және 270 000 теңгеге декларацияланбаған қаражат сомасымен Қазақстан Республикасының азаматы тоқтатылды, ҚР басқа азаматынан жүк дөңгелегінің багаж бөлігінде 6 млн теңге жасырылған пакет табылды. Келесі күні "Қорғас ХШЫО" кеден бекетінің жолаушылар терминалының залында республика аумағынан кету кезінде Қазақстан азаматы 11 065 000 теңгемен тоқтатылды", – деп хабарлады МКД.
Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған еске салады.
Одан бөлек, дәл осы кеден бекетінде бақылау жүргізу кезінде заңсыз темекі тасымалдау бойынша 6 факті анықталды.
ЕЭК-тің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 "Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" шешіміне сәйкес бір жеке тұлға үшін 200 дана темекіні немесе 1 блокты құрайтын темекі тасымалдау нормалары белгіленген.
Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.