Орталықтың Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, "Қорғас" 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жабық болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған ҚХР-да Қытай Жаңа жылының тойлануы және осыған байланысты "Қорғас" ШЫХО-ның қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуы себеп.
"Аталған кезеңде Қазақстан тарапында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2026 жылғы 2 наурыздан бастап орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады", – деді "Қорғас" ШЫХО әкімшілігі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу