"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының заттарды сақтайтын қоймасын бұзып кіргендер жазаланды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі мәлімдеді.
Instagram әлеуметтік желісінде ашулы топтың қоршауды күшпен бұзып, ішке кіргені туралы видео жарияланған еді. Оларға күзетшілер мен полиция қызметкерлері қарсылық танытқанымен, ашуға мінген топ қақпаны бұзып кірді.
Видео авторларының сөзінше, бұл қоймада кедендік тексерісте қалған заттар сақталады. Сондай-ақ кеден бекетінде ұмытылып қалған жүктердің иесі табылғанша, уақытша сонда тұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу