"Қорғас" шекарамаңы орталығы уақытша жабылды

1623

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықты коронавирустан қорғау мәселелері жөнінде кеңес өткізді 

"Қорғас" шекарамаңы орталығы уақытша жабылды

Кеңеске Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ш. Нұрышев, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшин, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің директоры Д. Ділманов қатысты, сондай-ақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының басшылығы орын алған жағдай мен әрекет ету шаралары туралы баяндады. 

Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы келесі кешенді алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды:

Мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде, оның ішінде әуе, автокөлік және темір жол көлігі нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейту;
ҚХР-дан келген барлық адамдарға тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық бақылау орнату;
Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда халыққа қажетті көмек көрсететін медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз ету;
Қытайға қызметтік іс-сапарларды шектеу, сондай-ақ жеке істер мен туристік мақсаттарда бармауға кеңес беру;
ҚХР-дан келетін транзиттік жолаушыларға ҚР аумағына 72 сағаттық визасыз келу режимін уақытша тоқтату;
"Қорғас" ШЫХО қазақстандық бөлігінің жұмысын уақытша тоқтату;
ҚХР аумағындағы қазақстандық азаматтармен оларға консулдық және өзге де көмек көрсету мақсатында жұмысты жандандыру;
Мемлекеттік органдар коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру мақсатында ҚХР және басқа да мүдделі елдердің тиісті мемлекеттік құрылымдарымен қажетті өзара іс-қимылды ұйымдастыруы тиіс;
Қажет болған жағдайда ҚХР Ухан қаласында жүрген Қазақстан студенттері мен ҚР басқа да азаматтарын шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ету;
Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаевтың төрағалық етуімен ведомствоаралық комиссия құру, оған Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу