Қорғаста жаңа халықаралық әуежай салынады

108

Үкімет отырысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Қорғас торабы трансшекаралық хабын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.  

Қорғаста жаңа халықаралық әуежай салынады Фото: t.me/KZgovernment

Екі арнайы экономикалық аймақта екі мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 76 млрд теңгеге 40 жоба жүзеге асырылды ("Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА, "Қорғас" ХШЫО), деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аймақ басшысы трансшекаралық хабты дамыту мақсатында инвестициялар тарту, жүк ағыны мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

2027 жылдың соңына дейін 1,1 трлн теңгеге тағы 65 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 9 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар "KTZE – Khorgos Gateway" құрғақ портын кеңейту жұмыстары аясында 2-уі жаңғыртылды, тағы 8 қосымша теміржол жолы салынды, бүгінде 16 жол пайдалануда. Бұл терминалдың өткізу қабілетін бір жарым есе арттырды.

Қазіргі уақытта "SKYHANSA" ЖШС компаниясына халықаралық жүк-жолаушылар әуежайын салу үшін 800 га жер телімі бөлінді. Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылымның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

– "Нұр жолы" өткізу пунктінде өткізу қабілетін арттыру, көлік ағынын оңтайландыру және процестерді цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тәулік бойы жұмыс режимі мен электрондық кезек жүйесі енгізілді, соның нәтижесінде өткізу қабілеті тәулігіне 1,2 мың автомобильге дейін екі есеге ұлғайды", – деді Бейбіт Исабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу