2018 жылы "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында 1 млн 200 мың адам болыпты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі.
Көрсеткіштің жақсаруына жүк терминалының аумағын 900-ден 3500 шаршы метрге дейін ұлғайтудың да әсері болған.
15 шағынтонналық жүк автокөлік құралдары бар парк жаңартылды. Бұл келушілер жүктерін қабылдау нүктесінен жүк терминалының беру орынына дейінгі аралыққа жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Келушілердің жайлы қозғалысы бойынша бірыңғай оператор жұмыс істеуде.
"Қорғас" ХШЫО жұмыс істеген жылдары инвестициялық нысандарды салуға 21 келісім жасалды. Инфрақұрылымдық нысандарды қоспағанда, жер учаскелерінің аумағы 113,5 гектарды құраса, ғимараттардың аумағы 805,4 мың шаршы метрге жетті.