Қорғаста астыртын жұмыс істеген казино анықталды

860

Қорғаста астыртын жұмыс істеген казино анықталды

Құмар ойындарға арналған үстелдер шекара бекеті ғимаратынан табылған. Оны Алматы облысының салықшылары әшкерелепті. Ойын үстелдерінен бөлек, қолма-қол ақшаны есептейтін 2 аппарат, мың ойын фишкасы, 100 дана карта мен 30-дан аса компьютерлік техникалар табылған. Құзырлылар олардың барлығын тәркіледі. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер тергеліп жатыр, деп хабарлайды almaty.tv.

"Негізінен бұл ойынханаға тек Қытай Халық Республикасының азаматтары кіріп отырған. Сыртқы және ішкі бейнебақылау камераларын орнату арқылы клиенттердің кіріп, шығуын өздері бақылауларына алып, тек қана осындай астыртын түрде жұмысын жүргізіп келген",- деді Алматы облысы МКД экономикалық тергеу қызметінің өкілі Жақсылық Мырзахан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу